Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Актер қуанышты жаңалығымен желіде бөлісті.
"МашаАлла!Ата-ананың шын бақытты сезінетін сәттерінің бірі осы шығар… Мадияр аға мен Дана апайдың тұңғыш қыздары Алуа қасиетті Құранды толық жаттап, хафиза атанды!
Мен танитын отбасылардың ішінде осындай қуанышқа жеткен ең алғашқы отбасы. Шынымен де баршамызға үлкен үлгі! Бұл жылдар бойғы еңбек, сабыр, дұға мен тәрбиенің жемісі...
Алла Тағала Алуаның білгенімен амал етуін нәсіп етсін, Құранды жүрегінде мәңгі сақтасын. Ата-анасына екі дүниенің бақыты мен берекесін берсін", - деп жазды актердің достары.