Барымташылар шекарада ұсталды - ҚР ҰҚҚ

Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасының Тараз шекара отрядына қарасты «Жасөркен» заставасының наряды 4 бірдей жылқыны қырғыз жерінен бері қарай барымталап келе жатқан 2 қазақстандықты ұстады.

Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.