"Барын салмайды, күшін сақтап босктасады": Танымал журналист олимпиадада ұтылып қалған қазақ боксшыларына тиісті

Ол бапкерлердің де кемшіліктерін де атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Шыңғыс Мұқан бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Шымбергенов өз ойынын таңа алмады. Иордания спортшысының шеберлігі төмен болғанымен, жанкештілігі басым екен, әрі өзінің төбелеске ұқсас ойын әдісін өткізді. Бапкерлері де қатты қайрайды екен. Біздің бапкерлер жолдастық кездесуге келгендей селқос.

Шымбергенов, неге екені белгісіз, барын салмады. Күшін сақтап бокстасты. Олимпиадада әрбір жекпе-жекке өмірдің соңғы жекпе-жегіндей шық деп ешкім ескертпеген бе?..

Иордания боксшысы да мына боксымен ұзаққа бармайды", - деп жазды журналист.