Көпшілік жұлдыздарды су басқан аймақтарға жеке пиар үшін келмеуін сұраған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Жұлдыз Әбдікәрімованың өзі болса елге келе салып, өңірлерге қандай көмек қажет екенін білгенін айтты. Сондай-ақ ол Петропалға барған.
Десе де, көпшілік жұлдыздардың тасқын су басқан аймақтарды жеке пиар үшін аралауы ұнамағанын жазуда. Олар сондай-ақ, блогерлер мен әншілер керісінше, суретке түсіп, қолға алынған жұмыстарға кедергі келтіретінін жазған.
"Жұлдыз, өзің қанша ақша аудардың, барып төбе көрсеткеннен, халыққа не пайда?", "Бәрі тек реклама үшін салады ғой деймін желіге, жіберген ақшаларын көрген жоқпыз", "Не Үкіметтен, не бұлардан пайда жоқ, халықты түсініп жатқан тек халық", "Барып кедергі келтірмеңдерші, өтініш, онсыз-ақ естері шығып жатқан халыққа" деп жазды олар.