"Барып тұрған арсыздық": Дана Нұржігіт желіге бағалы киім мен астатөк байлығын көрсететін адамдар туралы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол жақында берген сұхбаттарының бірінде айтты.

"Сөмкемнің ең қымбаты - 200 мың теңге тұрады. Миллион, 100 мың долларға сөмке алып беру деген менде болмаған. Әсіресе, бір жерге барғанда "лугыңыздың құны қанша?" деп сұрауы - иттің итінен жек көремін. Өте мәдениетсіз, өте ұятсыз сұрақ.

Сосын оны талқылап шығарады. Мемлекетінде 70-80% адамы кедейшілікте өмір сүретін елде мұны айту ұят. Нағыз барып тұрған арсыздық. Бізде өте бай тұратын адамдар аз", - деді ол.