«Барыс» - «Авангард»: есеп - 2:2

Кезедесудің екінші кезеңінде қарсыластар бір шайбаны соғып, алға шықты. Бірақ ойынның 30-шы минутында Талғат Жайлауов (Федор Полищук пен Вадим Краснослободцевтің көмегімен) Эдуард Рейзвихті қапы қалдырып, таразы басын теңестіре білді. Есеп - 2:2.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасының көшбасшысы - «Авангардпен» бірнеше рет кездесіп, жол берген болатын. Қазір чемпионаттың плей-офф ойындарына өту керек. Ол үшін «Авангардтан» реванш алып, бұл ойынды жеңіспен аяқтау қажет-ақ.