«Барыс» бас бапкер В. Крикуновпен қош айтысты

«Қос тараптың келісімі бойынша «Барыс» ХК мен команданың бас жаттықтырушысы Владимир Крикунов 2013 жылдың 30 сәуірінде аяқталатын келісім-шартты ұзартпау жөнінде шешім қабылданды», - делінген команданың хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық команданың бапкері болуға басты үміткер ретінде чех Милош Ржига аталып келеді.