«Барыспен» қатар Еуропаның 250 үздік клубының қатарына Қазақстанның тағы 4 командасы енген. Бұл тізімде Өскеменнің «Казцинк-Торпедосы» - 168, қарағандылық «Сарыарқа» - 200, Атыраудың «Бейбарыс» клубы - 224, павлодарлық «Ертіс» 238-орынға қол жеткізіп отыр.
Еуропа рейтингісінің үздік үштігін Құрлықтық хоккей лигасының клубтары құрауда. Көш басында Гагарин Кубогінің биылғы иегері мәскеулік «Динамо» командасы тұр. «Күміс» орын Челябінің «Тракторына» бұйырыпты. Ал үздік үштікті Санкт-Петербор қаласының СКА клубы тәмамдады.
Француз басылымының былтырғы рейтингісінде «Барыс» клубы 46 орында болған еді. Ал өскемендіктер Кәрі Құрлықтың тек 183-орнын місе тұтқан болатын.