«Барыс» хоккей клубы 2011-2012 жылдардағы дайындық кезеңінің тізімін анықтады

КХЛ тәртібіне сәйкес ойын маусымы алдындағы дайындық жиындары 20 шілдеде басталады. Осы күні «Барыс» командасының хоккейшілері мен жаттықтырушы штабы Астанаға келіп, медициналық тексеруден өтеді.

Атап айтқанда астаналық команданың қатысуымен болатын кезеңаралық турнирлердің кестесі 9 тамызда бастау алады. 9-13 тамызда аталған команда «Қазақстан Президенті кубогі» халықаралық турниріне қатысады. Ал 15 тамызда «Барыс» хоккейшілері Basel Summer (17-21 тамыз) жыл сайынғы турнирге қатысу үшін Швейцарияға аттанады. Сондай-ақ 29 тамызда Астананың хоккей командасы Свердлов облысы губернаторының жүлдесіне арналған дәстүрлі турнирге қатысуға Екатеринборға ойын маусымы алдындағы соңғы сайысқа барады.