«Барыс» хоккей клубына жаңа бапкер келді

деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

50 жастағы шетелдік азамат команданың бас бапкері қызметіне тағайындалды. Соңғы уақытта Ари-Пекка Селин Финляндияда «HPK» хоккей клубын жаттықтырып келді. Сонымен қатар ол Финляндия құрамасының бас бапкері Юкки Ялоненнің көмекшісі болып табылады.

Сондай-ақ «Барыс» клубының бапкерлік штабына Андрей Шаянов, Раймо Хелминен, Ерлан Сағымбаев пен Александр Ахцигер кіретін болады.