Чехиялық Камил Крепс (Kamil Kreps) Ұлттық хоккей лигасының (NHL) Флорида пантерс командасында, кейін Кэрпэт (Финляндия) клубында ойнады. Чехия құрамасының шабуылшысы. ҰХЛ-да 232 ойын өткізді. Бойы - 188 см, салмағы - 88 келі.
Джош Грэттон (Josh Gratton) Канада елінің тумасы. Оның қызмет тәжірибесінде «Филадельфия флайерс» (NHL), «Финикс койотс» (NHL) және «Витязь» (Чехов) клубтарындағы ойындарын атап өтуге болады.
Енді «Барыс» құрамындағы аталған шабуылшының бойы - 188 см, ал салмағы 96 келі. Ол ҰХЛ-да 86, ҚХЛ-да 35 ойын өткізген.
Бұның алдында «Барыс» клубы швециялық қорғаушы Юнас Юнландпен келісімшартты бекіткені туралы хабарланған. Ол ағымдағы маусымда «Фэрьестад БК» клубының құрамында Швеция чемпионы атанды.