«Барыс» хоккейшілері Егор Кончаловскийдің «Астана - менің жүрегім» фильміне түсті

деп хабарлады елордалық хоккей клубының ресми сайты.

Кинокартинаның премьерасы кеше еліміздегі барлық кинотеатрларда өтті. Фильм сюжеттерінің бірі «Барыс» хоккей клубына арналған.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық және ресейлік актерлар мен режиссерлердің қатысуымен түсірілген фильм 11 новелладан тұрады. Әр новелла әр түрлі оқиғаны баяндайды. Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған фильмнің премьерасы өткен жылдың 16 желтоқсанында өтуі керек болатын.