Астанада 1:3 есебімен аяқталған матчта Загреб хоккейшілерінің мерейі үстем болды. Голдарды қонақтар сапынан Мэтт Эллисон мен Шарль Лингле (дубль) салса, «Барыс» құрамынан Роман Старченко көзге түсті.
Айта кетейік, маусым басында екі команда кездескен болатын. Ол кезде де 1:2 есебімен хорватиялық команда жеңіске жеткен.
Дегенмен, бұл жеңіліс «Барыс» командасы үшін маңызды болған жоқ. Себебі астаналық ұжым Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын шығып қойған болатын.