«Барыс» хоккейшілері «Салават Юлаев» клубына қарсы ойнайды

Бұл қазақстандық ұжым үшін 2011 жылда өткізетін соңғы ойыны болмақ. Шығыс конференциясында 56 ұпай жинап, 7-орынға тұрақтаған «Барыс» командасы өзінен бір саты жоғары тұрған Уфа хоккейшілерінен бүгін басым түсуге үміттеніп отыр.

Құрлықтық хоккей лигасы аясында аталған командалар бір-бірімен 12 рет матч өткізген. Біздің жерлестеріміз соның 4-уінде ғана жеңіске жетсе, қалған 8-де жеңіліп қалған. Ал биылғы маусымда олар екі рет кездесті. Оның біреуінде астаналықтар жеңілістің дәмін татса, қараша айында өткен екінші кездесуде «юлаевтықтардан» еселерін қайтарды.