«Барыс» көш соңындағы командадан ұтылды

Ең алғашқы голды елордалық ұжымның шабуылшысы Брендон Боченски салды. Екiншi айналымда есеп өзгерген жоқ. Үшiншi кезеңде "Барыс" жанкүйерлерiнiң өкiнiшiне орай, Андрей Стася 48-минутта есептi теңестiрiп кеттi. Негiзгi уақыт тең аяқталғаннан кейiн, ойын овертаймда жалғасын тапты. Ол кезде қонақтардың жолы болды. Лукаш Краичектiң шайбасы қарсыластарға жеңiс әкелдi.

Айта кетейiк, қазақстандық хоккейшiлер осымен үшiншi рет жеңiлiстiң ащы дәмiн татты. Бұның алдында олар "Донбасс" клубына 2:6, хорватиялық "Медвешчакқа" 1:3 есебiмен есе жiберген. Қазiргi уақытта "Барыс" Шығыс конференциясының екiншi орнында келедi, ал "Динамо" болса, Батыс конференциясының ең соңғы сатысына жайғасқан.