«Барыс» қақпашысы ҚХЛ чемпионатының 15 аптасында үздік деп танылды

«Үздік қақпашы» аталымында «Барыстың» қақпашысы Джефф Гласс ерекшеленді. Апта ішінде ол екі ойынға қатысып, екі шайба өткізіп алды. Жалпы оның қатысуымен болған осы кездесулерде ол қарсыластар шабуылдарының 96,6 пайызына тойтарыс берді.

ҚХЛ аясында «Үздік қорғаушы» болып «Амур» командасының ойыншысы Микко Мяенпя танылды. Ол апта ішінде екі ойын өткізіп, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді.

Ал «үздік шабуылшы» атағына «Сібір» хоккейшісі Владимир Тарасенко ие болды.

Сондай-ақ жаңадан келген хоккейшілердің арасындағы аталымда үздік ретінде «Юграның» шабуылшысы Станислав Бочаров көзге түсті.