«Барыс» ҚХЛ-дың ең мықты клубтарының бірін талқандады

Матч 0:3 есебімен аяқталды. Бұл туралы Құрлықтық хоккей лигасының ресми сайтында хабарланды. Ойын барысында Роман Старченко, Дмитрий Уппер және Найджел Доус өз есептеріне бір-бір ұпайдан жазды.

Қазақстандық хоккейшілердің Шығыс конференциясы көшбасшыларын жеңетініне толық сенім болмады. Себебі Владимир Крикуновтың шәкірттері бір апта бұрын ғана осы «Трактор» командасынан 3:6 есебімен жеңіліп қалған болатын.

«Барыс» командасы өзінің Құрлықтық хоккей лигасының чемпионатында кезекті ойынын ертең, Магнитогорскіде жергілікті «Металлург» командасына қарсы өткізеді. Қазіргі уақытта біздің команда ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында 8-ші орынға ие болып отыр.