«Барыс» қонақта «Авангардтан» буллиттер сериясында жеңіліп қалды - 2:3

Бірінші кезең «Барыстың»пайдасына аяқталды. Астаналықтардың құрамынан 1-ші және 13-ші минуттарда Кашпар шайба соқты.

Екінші және үшінші кезеңдерде «Авангард» Вампола (30-шы минут) мен Куляштың (54) арқасында есепті теңестіре алды.

Овертаймда жеңімпаз анықталмағандықтан буллиттер сериясы өткізілді. Онда Авериннің шайбасы «Авангардқа» жеңіс әкелді.