«Барыс» спортшылары «Локомотив» командасынан басым түсті


Турнирлік кестеде алда келе жатқан командалардың арасында тұрақтаған «Локомотив» ойынды қарқынды бастап, оқтын-оқтын шабуылдар жасаумен болды. Соның нәтижесінде қонақтар бесінші минутте есеп ашты. Осы тартысты доданың 49-шы минутінде астаналық Е. Фадеев қарсыласынан алаңның ортасында шайбаны тартып алып, шабуылын сәтті іске асыру арқылы есепті теңестірді. Содан кейінгі уақыттарда «Локомотив» тағы бір шайба соқты. Өз кезегінде «Барыс» командасы ойынның аяқтаулына 6 секунд қалғанда есепті қайта теңестірді. Негізгі ойыннан кейінгі қосымша уақытта қос команда ойыншылары басымдықтарын көрсете алмады. Тек буллит сайысында «Барыс» командасының хоккейшілері жанкүйер қауымын қуанта алды. Сонымен, 3:2 есебімен астаналық хоккей командасы «Локомотивтен» басым түсті. Келесі ойын 19 қарашада өтеді. Онда «Барыс» Мәскеу облысының «Атлант» командасымен тартысқа түседі.