Ойынның алғашқы жиырма минуттығында қарсыластар шайба соға алған жоқ. Екінші таймның 8-минутында «Барыстың» сапындағы Старченко өзінің командаласы Худяковтың пасынан кейін есеп ашты. Алайда небәрі 3 минут өткеннен кейін жергілікті ойыншылар «Барыс» қақпасына шайба енгізіп, есепті теңестіріп кетті. Гол авторы - Левандовский.
Үшінші таймда есеп өзгерген жоқ, ойын овертаймға ұласты. Бұл кезеңде «Атлант» ойыншысы Федоров астаналық қақпашы Джефри Глассты сан соқтырып, «алтын голдың» авторы атанды. Кездесу 2:1 есебімен аяқталды.