Бұл матчта «Барыстың» хоккейшілері есепті бірінші болып ашты. Алғашқы кезеңнің жетінші минутында команда капитаны Дмитрий Уппер қарсыластың қақпашысын қапы қалдырды. Есеп - 1:0. Екінші кезеңде таразы басы теңесті. Бірақ, көп ұзамай, «Барыс» қайтадан алға шықты. Ал үшінші кезеңде Д.Уппер дубль жасап, есеп айырмасын 3:1-ге дейін жеткізді. Ойынның соңында «Адмирал» қақпашыны алып тастап, бір хоккейшіге артық құрамда да ойнап көрді. Дегенмен, шайба сала алмады. Қорытынды есеп - 3:1.
Осылайша, «Барыс» тағы үш ұпайға қол жеткізіп, жалпы турнирлік кестеде қайтадан бірінші орынға шықты. Команданың еншісінде 43 ұпай бар. Ол «СКА» (Санкт-Петербор), «Динамо» (Мәскеу), «Ақ Барс» (Татарстан) және «Салават Юлаевты» (Башқортстан) артқа тастап отыр.