«Барыс» жаңа маусымын жеңіліспен бастады

деп хабарлады Vesti.kz. Мәскеуде өткен ойында астаналықтар жергілікті «Динамо» командасынан 1:5 есебімен жеңіліп қалды.

Константин Касянчук бағыттаған Юрий Бабенконың шайбасын «Барыс» қақпашысы Виталий Еремеев ойынның 16-шы минутында өткізіп алды. Екі минут өтер-өтпестен Бабенко мен Касянчуктың шеберлігі арқасында тағы да еселенді.

Ойынның екінші кезеңінде мәскеулік Рихард Гюнге біздің командамыздың қақпасына 4-ші рет шайбаны кіргізді. 0:4 есебімен келе жатқан «Барыс» командасы Талғат Жайлауовтың арқасында ғана қақпа құлпын бұзды. Дегенмен ойынның 52-ші минутында Гюнге хет-трикті орындады.

«Барыстың» келесі матчы 8 қыркүйекте Санкт-Петерборда СКА командасымен мұз айдынына шығады.