«Барыс» жеңіліс тапты

Футболдан Испания чемпионатының 62-шы турының орталық матчында “Атлетико” өз алаңында “Реалды” қабылдаған болатын. Мадридттық дерби көпшіліктің қызығушылығын туғызғаны рас. Өйткені қос команда да биыл бас жүлдеден бірден бір үміткер. Турнир кестесінде үш ұпай алда тұрған “корольдік” клуб чемпиондық бәсекедегі басты қарсыласын жеңе алмады.

Матчты ширақ бастаған Карло Анчелотти шәкірттері не бары 3-ші минутта есеп ашты. Гол авторы Карим Бензема. Алаң иелері жауапты ұзақ күттірген жоқ. 28-ші минутта Коке “Реал” қорғаушыларын сан соқтырып кетті. Ал бірінші таймның соңында Габи 30 метр жерден Диего Лопес қақпасын дәл көздеді. “Атлетико” жеңіске жақын болған. Алайда “Реал”шабуылшылардың қысымына шыдамаған олар 82-ші минутта Криштиану Роналдуға тосқауыл бола алмады. Қортынды есеп 2:2. Өзге матчта “Альмерияны” 4:1 есебімен тас талқан еткен “Барселона” “Реалдан” тек бір ұпай қалып екінші орында келеді.      

 

Баскетболдан Ұлттық лиганың тұрақты чемпионатында кезекті турдың нәтижелері белгілі болды. Соңғы төрт тур бойы жеңілістен көз  ашпай  жүрген  «Денвер»  тағы да мүлт кетті. Бұл жолы денверлік гулливерлер сырт алаңда 96:102 есебімен  «Портлендке» есе жіберді.

Алаң иелері сапында  Робин Лопес пен   Дэмьян Лиллард нәтижелі ойын көрсетті. Бойы 213 см жетіп жығылатын  Робин Лопес 18 ұпай жинаса,  аласа бойлы Дэмьян Лиллард  команда қоржынына 17 ұпай салып берді. Қонақтардың тарапынан 16 ұпайдан еншілеген Фарид , Фурнье және Чендлерді атап кетуге болады. Осы күні «Сакраменто» өз алаңында 97:108 есебімен «Миннесотадан» ұтылса, филадельфиялық баскетболшылар   «Орландоға» жол берді. Мұндағы есеп  92:81.


 

Алматыда кекусинкай каратэден әйелдер арасында 6-шы халықаралық турнир мәресіне жетті. Елміздің шеберлерінен бөлек жыл бұл додада Ресей мен Қырғызстаннан 80 ге жуық спортшы өнер көрсетті.

Жас ерекшелігіне қарай бірнеше топқа бөлінген спортшылар аянып қалған жоқ. Дәстүрлі турнирде шығыс жекпе-жегін жетік меңгерген отандастарымыз жоғары нәтиже көрсетті. Командалық есепте алдына жан салмаған Алматылық бойжеткендер үздік атанды. Екінші орын талдықорғандықтарға бұйырса, көкшетаулықтар үштікті түйіндеді. Жеңімпаздарға арнайы медаль мен бағалы сыйлықтар табысталды.