«Барыс»-«Салават Юлаев» арасындағы серия ҚХЛ -дың ең қызықты тартысы деп танылды


Шығыс конференциясының финалына осы екі командадан 4-2 есебімен жеңіске жеткен «Салават Юлаев» шықты. Ал «Барыс» өз тарихында тұңғыш рет Гагарин кубогының екінші айналымына өтті.

Айта кетейік, Шығыс конференциясының финалында «Салават Юлаев» енді магнитогорскілік «Металлургпен» ойнайды. Ал Гагарин кубогының басқа жартылай финалында прагалық «Лев» пен ярославтық «Локомотив» күш сынасады.