«Барыстың» капитаны Кевин Даллмэнмен келісімшарттың бұзылғаны жайлы ақпарат ғаламторды дүр сілкіндірді - БАҚ

Бұл туралы бүгін «Экспресс К» газетіндегі (автор Олег Хайкин) «Даллмэну сделали ручкой?» атты мақалада жазылды.

Тосын жаңалық тек спорттық ресурстарда ғана емес, сонымен қатар үй шаруасындағы әйелдер мен тіпті жануарларды қорғау сайтында да талқылануда.

Хоккей федерациясының дерек көздері Даллмэнмен келісімшарттың бұзылу себептерінің бірі - оның және әйелі Стейсидің блогында Қазақстан туралы жазылған пікірлерінің салдарынан болды деп отыр. Басылымның дерек көздері хабарлағандай, қазіргі уақытта Стейсидің жеке сайты жабылды.

Даллмэн өзінің карьерасын уфалық «Салават Юлаев» командасының құрамында жалғастыра алады деген де қауесет шығып жатыр. Ал астаналық клуб болса, капитанымен келісімшарттың бұзылғандығы жайлы ақпаратты әзірге растамай да, жоққа да шығырмай отыр.