«Мұз айдынының иелері матчта 44 рет шайба лақтырды («Барыс» - 26), алайда ригалықтар астаналықтардың қақпасына бір де бір шайба кіргізе алмады», - делінген дүйсенбі күні таратқан ақпаратында.
Ақпаратқа сәйкес, гол соққандар: 15:05 - Новотны (Боченски, Кашпар), 25:50 -Новопашин (Даллмэн, Грэттон), 33:20 - Кашпар (Пушкарев, Новотны), 38:34 - Старченко, 55:50 Доус (Бойд, бол.).
Сондай-ақ, ригалық «Динамо» ХК-сының сайтында динамолықтарға қорытынды кезеңнің алдында қақпашыны ауыстыру, Джейми Лундмаркты Фредрик Варганың буынына ауыстыру, ойынды үш бестікке ауыстыру, Айнарс Подзиньштің Камил Крепспен күресі де еш нәтиже бермегені» айтылған.
«Барыс» ХК келесчі матчын тағы қонақта өткізеді: 18 қазанда «СКА»-ға (Санкт-Петербург) қарсы ойнайды.