“Бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылғанын“: ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті ата-аналарға терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар таратуға жол берілмейтінін еске салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар қоғамдық қауіпсіздікке нақты қатер төндіріп, адамдарды жаппай эвакуациялауға, мемлекеттік органдардың, білім беру, медицина және басқа да әлеуметтік нысандардың қалыпты жұмысының бұзылуына әкеп соғады.

Сонымен қатар, төтенше жағдай қызметтерінің елеулі күштері мен құралдарын негізсіз жұмылдыруға себеп болады.

"Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бұл қылмысты жасағаны үшін заңнамада бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылғанын еске салады. Осындай барлық хабарлама міндетті түрде тексеріледі, ал оларды таратқан тұлғалар заманауи цифрлық және техникалық құралдарды пайдалану арқылы анықталады", - делінген хабарламада.

Киберқылмыстардың алдын алу үшін азаматтарға:

Автор: Caravan.kz