Бас мүфти Серікбай қажы Ораз оқушылардың хиджаб киюі мәселесінде ата-аналар мен педагогтар ортақ келісімге келуі керек екенін айтты.
Астана арнасының хабарлауынша, мүфти Ақтөбеге арнайы келген.
"Балиғат жасына жетпеген, тіпті, жеті-сегіз жастағы 1-3-сынып оқушыларының тағдырын тәлкек етіп, саудаға салғандай жасау — жансақ дүние. Біз ұрпағымызды білім алудан, көзі ашық, қарақты үлкен азамат болып қалыптасу жолындағы осындай мүмкіндіктерден айырмауымыз қажет", — дейді діни қызметкер.
Осы уақытқа дейін ақтөбелік ата-аналар балаларын мектепке хиджабпен кіргізбей қойғаны үшін шу шығарып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған-ды. Орамалын шешуден бас тартқан оқушылар келесі сыныпқа қалды.