Бас мүфти лауазымын тағы 5 жылға созып алуға жанталасып жатыр - Ораз Әлімбеков

Бұл туралы Ораз Әлімбеков фейсбуктағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталының тілішісі.

Оның айтуынша, бас мүфти лауазымын тағы 5 жылға ұзартпақшы. 

"Бас мүфти Наурызбай Өтпенов ҚМДБ билігін узурпацияламақшы

Наурызбай Өтпенов мұсылмандардың екінші Назарбаевы болғысы келе ме?

Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы Өтпенов ҚМДБ Жарғысын аяқасты етіп, исламның демократиялық сипатын тәрк етіп, өзінің лауазымын тағы 5 жылға созып алуға әрекет жасап жанталасып жатыр. Сол үшін 26-27 қаңтарда мүфтияттың төралқа жиналыс өткізіп, төралқаны мәжбүрлеп Наурызбай Өтпеновтің өкілеттігін 5 жылға созу жөнінде ұсыныс шешім шығартып, ол шешімді ақпан айында өтетін ҚМДБ-ның Х құрылтайына ұсынбақшы. Осылайша, ол орынтағын тағы 5 жылға сақтап қалмақшы.

Төменде ҚМДБ Жарғысын белден басып, Бас мүфти сайлауын өткізбей-ақ билікті узурпация жасап алмақ болып жатқан Наурызбай Өтпеновтің бассыздығына ашуланған мұсылман жамағатыны ашық хаты мен мүфтияттың бас имамдарға жолдаған құпия хатын жариялап отырмыз.

Қазақстан мұсылмандарының назарына!

2023 жылдың 26-27 қаңтар күндері Астана қаласында ҚМДБ-ның қызметкерлері және облыс имамдарының қатысуымен төралқа жиналысы өтеді. Сол жиындағы негізгі мәселе құпия түрде Бас мүфти Наурызбай қажының ҚМДБ-ның бас мүфти, төрағасы қызмет өкілеттігін тағы 5 жылға ұзарту үшін кезектен тыс ҚМДБ-ның Х Құрылтайына жасырын дайындық жұмыстарын жасау жоспарланып отыр.

Өйткені бас мүфтидің бүкіл былықтары әлеуметтік желілерде 3 жыл бойы жарияланып, Наурызбай қажының халықтың садақа мен зекет, қажылық қаражатын өзінің жеке мүддесіне пайдалану коруппциялық схемалары, трайбализм байланыс жүйесі, дүниеқоңыздық сипаттары нақты дәлелденіп, әшкереленді. ҚМДБ-ның абыройы мен беделі ең төменгі деңгейге жетіп, елімізде теріс ағым идеялогиясын ұстанған адамдар көбейіп, имамдар арасында бас мүфтиге қатысты наразылық білдірушілер саны көбейіп келеді. Сол себепті Қазақстан республикасында наурыз айында өткізілетін мәжіліс депутаттарының сайлау науқанын пайдаланып, тағы да 5 жылға тағайындалып, қызметтік монополия орнату білімсіз мүфтидің негізгі жоспары болып тұр.

Алдымен ақпан айында өткізілетін ҚМДБ-ның республикалық имамдардың V форумын желеу етіп, артынша құрылтайды айлакер әдіспен жасап алу үшін дүмше, Құран оқи алмайтын муфти өзінің тек сенімді нөкерлерін топтастырып отыр. 2020-2023 жылдар аралығында яғни 3 жылда мұсылман қауымынан 7 миллиард тенгені жымқырған бас мүфтиге қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп, заңсыз жеке басына және отбасына жұмсалған зекет және садақа қаражаты жетім-жесірлер, зағиптар және мұқтаж отбасыларына қайтарылуы тиіс. Наурызбай қажы Жаратқан алдында да есеп беретін күнді ұмытпаған жөн!", деп жазды. 


"Мынау бір отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын, жаны сірі муфти болды ғой. Айтқаны өтірік, уәдесіне тұрмайтын, айналасы да сондай. Бұл саланы "қуыршақ имамдарымен" қоса таратып жіберген дұрыс!", "Ет сасыса тұз себеді, тұз сасыса не себеді деп енді айтуға болады?", деп жазды оқырмандар.