Бас мүфти мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық министрі қажылықты ұйымдастыру және реттеу тәртібі жөніндегі келісімге қол қойды

Екі жақты келіссөздер нәтижесінде биыл Қазақстаннан 4500 адам қажылыққа келетін болды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есеге өсті. Сауд Арабиясының қажылық істерге жауапты мекемелері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен қазақстандық туристік фирмалармен жұмыс істеуге уәде етті. Қажылыққа баруға ниет еткен мұсылмандардың өтініштері алдағы 1 қарашаға дейін қабылданатын болады. Қазақстандық туристік фирмалар осы мерзімге дейін барлық дайындық шараларды аяқтауы тиіс. Сауд Арабиясының Қажылық министрлігі қажыларды автобуспен шетелдерден тасымалдауға қатаң тыйым салатынын мәлімдеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының делегациясы Мекке, Мәдина және Джидда қалаларындағы қажылықпен айналасатын құзырлы мекемелердің басшыларымен де кездесулер өткізді. Бұл кездесулерге Қазақстанның Риядтағы Елшісі Қайрат Лама Шариф пен ҚР Әділет министрігі діни істер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Төлесов қатысты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті