Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы діни зерттеуші журналист Ораз Әлімбектің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Бас мүфти Наурызбай Өтпенов "Қаңтар қырғыны" кезінде жамағатты тағдыр тәлкегіне тастап, Сауд Арабиясына кетіп қалғанын мойындады. Бірақ, Дубайда болғанын, ол жаққа кімнің ұшағымен барғанын айтқысы келмеді.
"Қаңтар қырғыны кезінде Бас мүфти Дубайда жатты": Бас мүфтидің терроршыларға қатысы бар ма?
Мүфтият "Зекет қорына" қатысты сұраққа да мардымды жауап бермеді. Қор басшылары туыстары мен таныстарының әрбіріне 200 мыңнан 400 мыңға дейін жәрдемақы жазып қойғаны құжат бойынша дәлелденіп еді ғой. Мүфтият сол ақшаны қорға кері қайтарды ма? Әлде, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кете бере ме? Қор басшыларына қандай жаза қолданды? Бұған да жауап жоқ.
Одан кейін, баспасөз мәслихатын жасадың ба, онда журналистердің барлық сұрағына жауап бер! "Бұл сұрақ тақырыптан тыс" деп қақпайлауды қою керек. Берілген сұрақтың бәрі мүфтиятқа қатысты. Жауап бергің келмей ме, онда баспасөз мәслихатын өткізіп нең бар, бұрынғы әдетті жалғастырып шапаныңмен бүркеніп мүфтияттан шықпай омалып отыра бермейсің бе?!", деп жазды ол.
Бас мүфти Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттар алаңының тікелей бағдарламасында сұрақтарға жауап берді.
Наурызбай қажы Тағанұлы "NEGE.kz"-тің журналистінің "қаңтар қырғыны кезінде Дубайда болғаныңыз жайлы айтып берсеңіз" деген сұрағына былай деп жауап берді.
- Ия, рас. Ол жайлы айтылып жүр. Естідім. Алдын ала жоспарланған болатын. 4 қаңтарда Дубайға ұшып кеттім. Елдегі жағдайға байланысты 7 қаңтар күні елге оралдым. Біз әрдайым елді қолдап жүреміз. Халыққа басу айтып, сабырлылыққа шақырып жүретін имамдарға рахмет деді ол сөзін қорытындылап.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бас мүфтидің бас есепшімен Дубайға кеткені жайлы жазған болатынбыз.