Caravan Logo

Бас мүфти қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Бас мүфти қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қазақстандықтарды Айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Баршаңызды күллі мұсылман үмбетінің ұлық мерекесі - ораза айтпен құттықтаймын. Әр отбасына бақ пен береке, бірлік пен игілік тілеймін. Алла Тағала отыз күн тұтқан оразамызды, жасаған құлшылық-ғибадатымызды, берген садақымызды, барша игі ималымызды қабыл етіп, мол сауаптан жазғай! «Айт» сөзі - «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту», «қуанышқа топталу», «қарымта» деген мағыналарды білдіреді. Алла Тағала барша отбасына берекетін жаудырып, қасиетті рамазан айында ыждаһаттылықпен ауыз бекіткен жамағаттың қуанышын арттырғай!», - делінген Бас мүфтидің құттықтауында.

Сондай-ақ, Серікбай қажы Ораз Ораза жабырқаған жанды демеп, қарияларды қуанышқа бөлеп, көмекке мұқтаж адамның алғысы мен батасын алу - ол да сауапты амалдың бірі екендігін атап айтты.


«Ораза айт - отбасылық мереке. Мейрам күні ата-анамызға, кішкентай бүлдіршіндерге, ағайын-туыстарға сыйлық үлестіріп, оларды қуанышқа бөлеу - мерекенің сәнін арттыра түсетін игі іс. Жабырқаған жанды демеп, қарияларды қуанышқа бөлеп, көмекке мұқтаж адамның алғысы мен батасын алу - ол да сауапты амалдың бірі», - деді Бас мүфти.