Бас мүфти Ыстамбұлдағы қайғылы оқиғаға орай көңіл айту жеделхатын жолдады

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Түркияда орын алған теракт оқиғасына орай Дін істері басқармасының төрағасы Мехмет Гөрмезге көңіл айту жеделхатын жолдады, делінген діни басқарма таратқан баспасөз хабарламасында. Бұл туралы Caravan.kz сайты жазды. 

«Халықаралық «Ататүрік» әуежайында болған лаңкестік оқиғадан бейбіт тұрғындардың қаза табуы біздің де жанымызға батты.

Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары атынан Сізге және марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтамын. Жарақат алған бауырларымызға Алла шипасын берсін», – делінген Бас мүфти жеделхатында.