Бас мүфтидің арабшаны шала оқып, құранды қате оқитынынын арабтар дәлелдеген - журналист

Осы сұрақтарды діни зерттеуші журналист Ораз Әлімбек егжей-тегжейлі жіктеп берді, деп жазды  Caravan.kz медиа порталы  "Майдан" бағдарламасына сілтеме жасап. 

- Өлікті үш жағдайда қазып алуға болады. Суға кеткен кезде, тағы бір жағдайда, үшіншісі қылмыс жасады ма, жасамады ма соны білу үшін шариғатымыз бойынша дей салады. Бұл қалай сонда? Ол құранда да, хадисте де жоқ нәрсе. Пайғамбарымыз осы себептердің бірімен, анықтау мақсатында қазып алыпты деген әңгіме жоқ қой. Оны қайдан шығарғаны белгісіз, дейді.

Журналист Ораз Әлімбек полицияның мүрдені қазып алуға біздің құқығымыз бар деген әрекетін шариғи түрде заңдастырып отырғанын баса айтты. 

"Қаңтар қырғыны кезінде Бас мүфти Дубайда жатты": Бас мүфтидің терроршыларға қатысы бар ма?

- Мүфтият шығарған пәтуәда полицияның мүрдені қазып алуына болады деп шығарса, енді оны көмудің де пәтуәсін беру керек. Оны қалай көмеді? Тағы да жаназа шығарып, тағы да жаңағы рәсіммен көмеміз ба? 


Мүфтияттың тарапынан қаңтар айында қаза тапқандардың жаназасы ақысыз болады дегенді айтқан жоқ. Ешқандай жанашырлық болған жоқ. Халық полияцияның әпербақандық әрекетіне ғана емес, біздің молдалардың әрекетсіздігіне, дұрыс бағыт беріп, дұрыс сөз айтпағанына менің ойымша қатты ренжулі. 

Наурызбай Өтпенов конференцияда не айтып, не қойғанын білмейтіні видеода тұр. Арабтардың тәпсірленгенімен тұр. Одан кейін құранды нашар оқитыны да видео фактімен тұр. Олар мені бірнеше рет қорқытқан. Адамдар салып, сөз салған.