Дәлірек айтқанда, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитеттің сайтында берешек азаматтардың суреті самсап тұр. «Балалары іздеу салады» деген парақшадан орын тапқандардың жас шамалары 24-50 аралығында. Бір қызығы баласына алимент төлеуден жалтарып жүргендерің арасында үш келіншек бар. Әзірше, интернетке 50 адамның суреті салынған. Бұл сан толыға бермек. Борышкерлердің тізімін Бас прокуратураға көші-қон полициясы береді екен. Ол кейін Әділет министрлігінің базасындағы ақпаратпен салыстырылып, сайтқа жүктеледі. Осылайша, тасжүрек әке мен мейірімсіз әйелдермен күресіп шаршаған құзырлы органдар оларды ел алдында ұялтпақ ойда.
Loading...