Прокуратураның ақпараты бойынша, тексеру жұмыстарын Бас прокуратурасының бөлім бастығы Талгат Әлібаев басқаруда.
"Абай" шахтасындағы апаттың себептерін анықтауға кіріскен шұғыл-тергеу тобын кешеден бастап ҚР Бас прокурорының көмекшісі Жасарал Жұмаш басқаруда.
Бұдан бұрын хабарлағанындай, "Арселор Миттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Абай" шахтасында 11 қаңтарда метан жарылып, соның салдарынан 30 кенші қаза болды. Ал 14 шахтер бүгінгі кезде "Абай" ауылы мен Қарағандының облыстық орталығындағы ауруханаларында жатыр.
ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың тапсырмасымен, 11 қаңтарда үкіметтік комиссия және "Абай" шахтасындағы жарылыстың себептерін анықтайтын комиссия құрылды.