"Бас прокуратура Конституциялық заңның 48-бабына сәйкес, дауыс беру күні сот, прокуратура және ішкі істер органды үшін жұмыс күні екенін хабарлайды",- деді ол.
"Прокуратура органдарына бұл күні азаматтардың кез-келген арыздары, өтініштері мен шағымдары дереу қабылданып, қаралатын болады",- деді өкіл.
Бас прокуратура депутаттыққа үміткерлер мен саяси партиялардың сайлау алдындағы штабтарының заң талаптарының сақталуына бағытталған барлық шараларды қолданып, белгіленген мерзімнен кейін үгіттеу оқиғаларына жол бермейтініне сенім білдіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті