Бас прокуратура есірткі саудасымен күрес жөніндегі комитет басшысының лауазымына лайықтығы туралы мәселе көтерді

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін Астанада бас прокуратураның алқа мәжілісі өтті. Онда "Есірткі және психотроптық заттар мен прекурсорлар туралы заңнаманың пайдаланылу жағдайы туралы, сондай-ақ, олардың заңсыз айналымына қарсы күрес мақсатында ҚР ІІМ-нің есірткі саудасымен күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитеті мен басқа да өкілетті мемлекеттік мекемелер тарапынан 2004-жылы және 2004-жылдың 1-тоқсанында қолданылған шаралар туралы" мәселе қаралды. Отырыс барысында ҚР ІІМ-нің Анатолий Выборов басқаратын есірткі саудасымен күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитетінің іс-қызметіне сын айтылды.