Бас прокуратура Іле Алатауының бөктерінде үй салғандарға өтемақы төлеу мүмкіндігіне күмән келтіреді

"Үй салушылардың басым бөлігінің өтемақы алуы неғайбіл, өйткені, олар қолдарындағы құжаттарды жерді сатып алудың заңсыздығын біле тұра алып, бұл қадамға қасақана барды", - деді С. Нұрпейісов журналистер сауалына берген жауабында. "Әрине, егер бұл дәлелденіп жатса, олар ешбір өтемақы ала алмайды", - деді ол.

Сонымен бірге, С.Нұрпейісовтың атап көрсеткеніндей, өтемақы төлеу мәселесі сот органдары арқылы ғана шешіледі. "Әр азамат онда өздерінің ісінің дұрыстығын дәлелдеп берсін", - деп атап өткен ол бас прокуратура тарапынан бүгінгі күні журналистерге хабарлай алатын жалғыз нәрсе осы екенін жеткізді. "Ал деректер мен тексеру нәтижелері артынан хабарланады", - деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті