Бас прокуратура президенттіктен үміткерлердің жақтастарының қолдарын алдау арқылы жинау деректерін әшкереледі



Бас прокуратураның түсініктемесіне сәйкес, сайлаушыларды алдаудың бірнеше тәсілі қолданылуда. Атап айтсақ, "бір үміткерді қолдау үшін қол жинаушы өзін екінші бір үміткердің сенімді өкілі ретінде таныстыру арқылы сайлаушыны жаңылыстырып басқа үміткер үшін қолын қою" тәсілі қолданылуда.
Қадағалаушы мекеменің мәліметтеріне сәйкес, осындай деректер Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында шықты.
Прокуратураның хабарлауынша, "үміткерді қолдаушылардың қолын жинау барысында сайлаушыларды алдау дерегі көрініс берген жағдайда азаматтар тиісті аумақтық сайлау комиссиясына қол қою парағындағы өз қолын күшсіз деп тану туралы өтініш жасай алады".
Алайда, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабековтың таяудағы түсініктемесіне сәйкес, "сайлау заңында бір сайлаушыға бірнеше үміткерді қолдап қол қоюға тыйым салынбаған". Дейтұрғанмен, бір сайлаушы үміткерді қолдйтыны туралы параққа бір ғана қол қоюға да құқығы бар.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті