Бас прокуратура сайлау алдындағы кезеңде ағымдағы тексерулерді тоқтата тұруға шешім қабылдады

"Қазір сайлау алдындағы кезең. Сол себепті тексерулер басты іс-қызметке кедергі келтіреді. Сондықтан да кейбір қолайсыздықтар тудырмау үшін біз сайлау қарсаңында мемлекеттік және жеке меншік құрылымдарға кешенді тексерулер жүргізуді тоқтата тұруға ұйғардық", - деді С. Нұрпейісов.

"Ал заң бұзушылықтарға келсек, егер ондай жағдайлар болған күнде құқық қорғау органдары әрдайым шара қолданады, бұл іс, әлбетте , тоқтатылмайды ", - деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті