Ірі қараға сапасыз вакцина егілгендіктен Қазақстанда соңғы кездері бруцеллёз күрт көбейіп, ауру мал саны 2 есе артқан. Ал бөлінген қаржы қыруар. Бақандай 80 миллиард теңге желге ұшты. Өйткені, ветеринарлар сатып алған сапасыз вакцина салдарынан соңғы 3 жылда шаруалар 300 мың бас малдың көзін жоюға мәжбүр болған. Аймақтардағы қызметкерлер болса, малға вакцина салынғаны туралы құжат толтырумен ғана шектеліпті. Яғни , іс жүзінде ешқандай вакцинация жасалмаған. Тіпті бруцеллёзге қатысты ахуалды тексеріп, талдаумен де ешкім айналыспаған. Салдарынан соңғы бірнеше жыл бойы Қазақстанның 5 аймағы ет өнімдерін экспортқа шығара алмай отыр. Осыған орай Бас прокуратура 25 қылмыстық іс қозғады. Енді әртүрлі деңгейдегі ветеринарлық қызметтердің басшылары заң алдында жауап беретін болады.
Loading...