Бас прокуратура ЖСДП-ның сайлау алдындағы сыртқы жарнаманы орналастыру үшін орын бөлінбеу оқиғасының жаппай белең алғаны туралы ақпаратын жоққа шығарады

Оның айтуынша, 2007 жылдың 7 тамызында бір сайтта Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның орталық сайлау алдындағы үгіт штабының баспасөз парақшалары жарияланған, онда "сайлау алдындағы сыртқы жарнаманы орналастыру үшін орын бөлу туралы жергілікті атқарушы органдар мен басқа да уәкілетті ұйымдарға қайта-қайта жасаған өтініштерінің нәтижесіз болғаны айтылған".

Прокуратура органындағы ақпараттар бойынша республикада иелері негізінен шаруашылық жүргізуші болып табылатын 5845 билборд орналастырылған.

"Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның өкілдері билбордтардың меншік иелеріне іс жүзінде шағымданбағаны анықталды",- деді өкіл.

Мысалы, прокуратураның сұрау салуына орай Алматы қаласының билборд меншік иелерінің берген ақпараты бойынша Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның "ТВ Медиа - сыртқы жарнама" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 70 билборд орналастыру жөніндегі өтініштері 2007 жылдың 2 тамызында келіп түскен. "Алайда бұл серіктестікте ол уақытта үгіт жарнамасын орналастыру үшін 10 орын ғана қалған, олар Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға соны ұсынған. Бұл партиядан келісім-шартқа отыруды растау қағазы әлі күнге дейін түскен жоқ",- деді С.Нұрпейісов.

Бас прокуратураның ақпаратына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әкімдігі Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның бес билбордты орналастыру жөніндегі өтінішін қанағаттандырды, олар бүгінде өз орнында тұр.

"Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Петропавл қаласының әкімінің орынбасарына жасаған үш ауызекі өтініштері бойынша "Қызыл Жар-Жарнама" мемлекеттік кәсіпорыны мен "Архстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктесітігі басшыларына үгіт материалдарын орналастыруға рұқсат берілген. Ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның өкілдері үгіт материалдарын орналастырудан өздері бас тартқан",- деді қадағалаушы орган өкілі.

"Қолда бар мәліметтерге қарағанда Атырау қаласында бос орын болмағандықтан үгіт материалдарын орналастыру жөніндегі бір өтініш қана қанағаттандырылмаған",- деді С.Нұрпейісов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті