Бас прокуратураның алдын ала бағалауы бойынша ЖСДП-ның сайлау алдындағы роликтерінің бірі "әлеуметтік жік тудыратын мазмұнда"

"Біздің пайымдауымызша, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның "Бір жақ - екі тағдыр..." атты ролигінде әлеуметтік жік тудыру белгілері бар",- деді Сапарбек Нұрпейісов.

"Бұл біздің алдын ала жасаған пікіріміз, қазір осы мәселе бойынша Әділет министрлігінің жүйесі 30-шілдеде тағайындаған тиісті сараптама жүргізіліп жатыр, сондықтан да біз сараптама қорытындысын алғанға дейін бұл мәселеге қатысты ресми түрде ештеңе айта алмаймыз", - деп қосты ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті