Бас прокурор Астана қаласы прокуратурасының үйлестіру рөлінің әлсіздігін атап өтті

Астанадағы жиналыс барысында бас прокурор сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың қолданылуына жүргізілген қадағалау нәтижелеріне нақты баға беріп, осы бағыттағы жұмысты күшейту жөнінде бірнеше міндеттерді белгіледі. Ол бойынша қылмыстық қудалау органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресінің ықпалы нашар деген баға берілді.

Сонымен қатар, бас прокурор прокуратура органдарындағы сыбайлас жемқорлықты жою үшін ең қатаң шаралардың қабылдануы қажет екенін айтты.
Ол ішкі қауіпсіздікке жауап беретін кадр қызметінің жұмысын жетілдіруді талап етті. Билік органдарының жүйесінде кішігірім заң бұзушылықтың өзі қоғамның оларға деген теріс қатынасын қалыптастырады, сенімсіздік туғызады және сыбайлас жемқоррлыққа қарсы күрес бойынша жүргізілген жұмыстардың барлығын жоққа шығарады, деді бас прокурор.