Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.
"Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Жалпы, әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қолжеткізді", - деп жазды бас прокурор.
Сондай-ақ, ол қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеліп жатқанын жазды.
"Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешенін әзірлейтін боламыз", - деді Берік Асылов.