Бас прокурор мен ішкі істер министрі ашық тыңдалымда есеп беруі керек - Мәжіліс депутаты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚҰСПАННЫҢ ПІКІРІ

– Құқық қорғау органдары бізге есеп бермейді. Олар тек Қауіпсіздік кеңесіне бағынады. Үкіметке де, Мәжіліске де олар есеп беретін органдар емес. Сондықтан, мен өз тарапымнан төрағаның алдында ашық тыңдалым өткізуді ұсынып отырмын. Ол қолдау тапқан жағдайда онда регламентке сәйкес, барлық БАҚ шақырылады. Егер ол ұсынысым қолдау тапқан жағдайда! Мен одан басқа бұл мәселеге жарық түсірудің, қоғамның алдында есеп берудің басқа жолын көріп тұрған жоқпын.

Депутаттың айтуынша, ашық тыңдалып болған жағдайда көп сұраққа жауап табылар еді.

– Олардың (полиция қызметі туралы сұраққа) қызметі сын көтермейді. Ол түсінікті, – дейді ол.

Абзал Құспан Талғарда ұсталған Қаржаубай Нұрымов туралы ақпараттың бәрін тек әлеуметтік желіден біліп отырғанын айтады. Ашық тыңдалым болған жағдайда депутат құқық қорғау органдарының басшылары есеп беретінін айтады. Ашық тыңдалымға бірінші кезекте ішкі істер министрі мен бас прокурор келуі керек деп есептейді.