Бас прокурор қаңтарда адамдардың басын кесу дерегі болды ма деген сұраққа жауап берді

Мәжіліс отырысы кезінде журналистер Бас прокурордан қаңтар оқиғасында адамдардың басы кесілгені туралы қауесеттің қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы

"Қаңтардағы оқиға 4-5 қаңтар аралығында басталды. Осы кездерде әртүрлі ақпарат, соның ішінде жалған ақпарат көп тарады. Елестетіп көріңізші, сегіз қала, іс жүзінде көптеген нысандар жанып жатыр, әкімдіктер жанып жатыр, әртүрлі ақпарат көздерінен әртүрлі хабарламалар, соның ішінде жалған ақпараттар келіп түсті. Сол себепті бас кесілді деген ақпаратты да тексердік. Бірақ тергеу барысында бұл дерек анықталмады", - деді Берік Асылов.

Еске салайық, 2022 жылдың 6 қаңтарында Алматыда басы кесілген екі полиция қызметкерінің мүрдесі табылғаны жайлы ақпарат тарады. Бұл жайында Алматы қаласының комендатурасы мәлім етті.