Бас санитар дәрігері дәмханаларда ауызашар ұйымдастыруға рұқсат берді

"Қоғамдық тамақтану орындары жайлы айтатын болсақ, дәмханаларда 30 адамға дейін қабылдауға рұқсат беріледі. Бірақ тиісті ережелер орындалуы қажет. Ең бастысы - әлеуметтік қашықтық сақтау. Бірақ үйге 30-50 қонақ шақыруға тыйым салынады. Бұған дейін туған күнге қатысқан 8 адамның коронавирус жұқтырғаны айтылған еді", - деді бас санитар дәрігер. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 25 мамырда сауда орталықтары мен жазғы дәмханалар ашылатыны жайлы жазғанболатынбыз.