Г.Марченконың түсініктемесіне сәйкес, Қазақстанда корпоративтік кіріс салығы 30 процентті құрайды. Ал Словакия мен Польшада мұндай салық 19 процент болса, алдағы уақытта оны 15 процентке дейін төмендетуді көздеп отыр. Ресейде корпоративтік кіріс салығы 24 процентке тең. Бүгінде оны 20 процентке дейін төмендету мүмкіндіктері қаралып жатыр. Ал кәсіпорын қаржысы реинвестицияланған жағдайда Эстонияда тіпті корпоративтік кіріс салығы мүлдем алынбайды, деді Г.Марченко.
"Халыққа арнаған жыл сайынғы жолдауында Елбасы алға қойған бір мақсат - өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тарту, соның ішінде шетелдік инвестиция тарту болып табылады",- деді банк басшысы.
"Біздің еліміз үшін кәсіпорындар халықаралық стандартқа сәйкес аудит жүргізіп, қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына көшсе, листинг процедурасын өткізіп, биржаға шықса, несиелерді арзандата түссе тиімді болар еді",- деді ол. Г.Марченконың пікірінше, "соның нәтижесінде әркім де ұтар еді. Алайда дәл қазір барлық мәселенің түйіні салық жүйесі мен салық әкімшілігіне келіп тірелуге байланысты алға жылжу байқалмай отыр".